Екі ер адам таксистің телефоны мен ақшасын тартып алып, өзін көшеге лақтырып кеткен

polisia.kz
polisia.kz

Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордалық полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан.

"Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан "іздерін суытқан", - деп хабарлады полиция.

Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді. Полицейлер Шымкенттің жедел қызметкерлерімен бірлесіп, екі күдіктіні ұстады.

Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақмолада ер адам көлік айдап келе жатып инсульт алды

Новости партнеров