Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге берілмек

13.03.2025 19:55

Мұндай керемет сыйлықты жергілікті кәсіпкер Мереке Байжан ұсынған

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге берілетін болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай керемет сыйлықты жергілікті кәсіпкер Мереке Байжан ұсынған.

«Зерде» мамандандырылған мектебінің түлектері тарапынан игі бастамалар жиі көтеріледі. Былтырғы қараша айында мектеп түлегі Мереке Байжан мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған болатын. 

Мектепті 2014 жылы бітірген кәсіпкер бұған дейін білім ошағының 20 жылдық мерейтойын бір миллион теңге ақшалай қаражатпен қолдаған. 

«Бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше талпындырмақ. Мереке Байжан биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне бес миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ», - делінген хабарламада.  

Оқи отырыңыз: Заман талабына сай жабдықталған қант зауыттарын салу қажет - сенатор