"Елге көмек" қайырымдылық қорының жетекшісі ұсталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі кезде алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   

Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

— Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды, — деп хабарлады ол.

Алматы қаласының Полиция департаментінің ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

— Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деп атап өтті ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы ұзақ жылға сотталды

Новости партнеров