5 сәуірден бері әкімшілік жауапкершілікке тартылған мопед жүргізушілері тіркелмеген
ҚР ІІМ Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментінің бастығы Ренат Зұлқайыров еліміздің аумағында 30 мыңға жуық мопед тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір ішкі істер органдарында 30 мыңға жуық мопед тіркелді. Сонымен қатар, жыл басынан бері «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін 2 мыңнан астам адам алды», - деді Р. Зұлқайыров Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 5 сәуірден бері әкімшілік жауапкершілікке тартылған мопед жүргізушілері тіркелмеген.
Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Алматыда жартылай марафон өтеді