Елімізде 6 500 адвокатқа сұраныс бар

11.04.2025 12:54

Былтырдан бастап 15 жаңа оқу бағдарламасы енгізілді

Scott Graham/unsplash.com/

Органдар мен жұмыс берушілерге білім беру бағдарламалары мазмұнын өзгертуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Былтырдан бастап 15 жаңа оқу бағдарламасы енгізілді. Олардың ішінде цифрлық криминалистика, ІТ-құқық, ІТ саласындағы қылмыстық заң бұзушылықтарға қарсы күрес, жасанды интеллект, цифрландыру сынды үрдістерге бейімделген бағдарламалар бар. Еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беру үшін жақсы жұмыс басталды. Қазіргі таңда 6,5 мыңнан астам адвокатқа сұраныс бар. Досмұхамбетов университетінде Атырау облыстық адвокаттар алқасының қолдауымен алғаш рет бакалавриат және магистратура деңгейінде «адвокаттық іс» білім бағдарламасы әзірленді. Енді біз адвокатура, прокуратура органдары ЖОО-лармен тікелей жұмыс істейді. Оқу бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге жұмыс берушілерге және органдарға рұқсат береміз. Мемлекеттік стандарт өзгерді. ЖОО жанында осындай арнайы әдісдемелік кеңестер құрылып жатыр", - деді ол.

Оның атап өтуінше, М Maqsut Narikbayev University-де білім бағдарламасының салалық ұйымдар мен қауымдастықтардың кәсіби аккредитациясы енгізілді.

"Енді оқу бағдарламасы тек қана министрлік деңгейінде аккредитациядан өтпей, сырттан тәуелсіз кәсіби қауымдастықтар – адвокаттар палатасы немесе жұмыс берушілер қосымша аккредитация береді. Бұл тәжірибе басқа ЖОО-ларға да таратылуда. Білім бағдарламасын әлемдік контентпен толықтыру мақсатында 2023 жылдан бастап барлық студентке Coursera платформасы қолжетімді болды. 4 200 курсты қазақ және орыс тілдеріне аударып бердік. Оның ішінде заң саласында ең соңғы, мықты курстар да бар. Заң саласы бойынша Coursera платформасында 49 курсты 2 764 студент оқып, 1 765 сертификат алды", - деді Саясат Нұрбек.

 Оқи отырыңыз: Екібастұз полициясы қарақшылық жасаған күдіктілердің терезесін шағып, үйіне басып кірді