Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент киік санын реттеу мәселесін қайта зерделеуді тапсырған
Елімізде ақбөкендердің саны екі жолмен реттелмек. Біріншісі киіктерді арнайы қоршауда ұстау болса, екіншісі – ату. Бұл туралы Үкіметте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, киік саны қалай реттелетіні туралы нақты шешім биыл қабылданады. Әзірге ведомство бұл мәселені бірнеше рет ғалымдар мен сарапшылармен талқылаған. Министрлік ғылыми тұрғыда зерттеп, барлық жағдайды ескеріп барып шешім қабылдамақ.
Айта кетейіr, Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент киік санын реттеу мәселесін қайта зерделеуді тапсырған.
«Шешімді биыл қабылдаймыз деп ойлаймын. Киік санын реттеудің екі түрлі тәсіл бар. Бірі — арнайы қаумалда ұстау. Екіншісі — ату. Басқаша қандай жолы бар? Бірақ ғалымдар әзірге қарап жатыр», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Оқи отырыңыз: Алдағы үш күнде күн райы қандай болады