Елімізде алимент төлемей жүрген қанша әйел бар

11.03.2025 16:25

Алимент өндіру жұмыстары бойынша борышкерлердің мүлкі тәркіленуде

Sandra Seitamaa/unsplash.com/

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алимент өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі таңда сот орындаушылардың өндірісінде 283 мың атқарушылық іс бар.Оның ішінде борышкер ер адамдар саны - 272 мың болса, әйелдер саны - 11 мыңнан асады.

Көп жағдайда борышкерлердің алименті ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтериясы арқылы өндіріледі. Сондықтан борышкерлерді жұмысқа орналастыру белсенді түрде жүргізілуде.

Әділет органдары мен әкімдіктердің бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы – 4 238 адам жұмысқа орналастырылса, бұл көрсеткіш 2024 жылы 6 мыңнан астам адамды құрады.

Алимент өндіру жұмыстары бойынша борышкерлердің мүлкі тәркіленуде. Мәселен,  Астанада борышкердің Mersedes-Benz S400 маркалы көлігі 23 млн теңгеге сатылды. Жамбыл облысында борышкер қарызды өтеу үшін 11 млн теңгеден астам тұратын жылжымайтын мүлкін берді. Ал Алматыда 9 млн теңгеден астам қарызды өтеуге 2017 жылғы Hyundai Tucson автокөлігі өндіріп алушыға тапсырылды.  

Оқи отырыңыз: Мұз жару: СҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді