Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекітілді
Елдің әр өңірінде балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
2024 жылдан бастап қорғаншылық органдарында мамандарының саны 303-тен 692 адамға, яғни екі есеге артты. Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекітілді. Атап айтқанда, 5 мың балаға кемінде 1 маманнан бөлінді.
Елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 660 бала қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.