Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Елімізде атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Алмасадам Сәтқалиев агенттіктің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Энергетика министрі лауазымынан босатылды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.