Елімізде басты музейлерге ұлттық мәртебе берілді

30.01.2025 17:37

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

gmirk.kz

Елімізде басты музейлерге ұлттық мәртебе берілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Мемлекет басшысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі» және «ҚР мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды.

 "Мәдениет туралы" ҚР Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі»  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын" - делінген Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз:Елдегі туризмді дамытуға бағытталған бірқатар стандарт қабылданды