Елімізде екі аптадан кейін мопедтердің жүруіне тыйым салынады

19.03.2025 14:52

Бұл туралы ІІМ үндеу жасады

Artem Beliaikin/unsplash.com/

Ішкі істер министрлігі 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатынын кезекті рет еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрлік 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатынын мәлімдеді. Ал құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

«Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет», - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оқи отырыңыз: Алматы метрополитенінің жаңа бекеті іске қосылған соң жолаушылар саны 30%-ға артады