Алдағы уақытта өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу жалғасады
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыруды енгізу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұл үдерістің маңызды кезеңі – өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу. Астанада өткен кездесуде елордалық Білім басқармасы мен Қаржылық орталық өкілдері Абай және Павлодар облыстарынан келген әріптестерімен өз тәжірибелерін бөлісті, деп хаарлайды Almaty.tv.
2025 жылдың басынан бастап Астана толықтай ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшті. Жаңа жүйеге 600-ден астам балабақша қатысып, берілген ваучерлер саны 18,9 мыңға жетті. Бұл механизм мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты ашық әрі тиімді бөлуге бағытталған.
Кездесу барысында ваучерлік қаржыландырудың негізгі бағыттары, оның білім беру жүйесіне тигізетін оң әсері және ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар үшін тиімді тұстары талқыланды. Делегация өкілдері жаңа жүйеге көшуге қатысты туындаған сауалдарына жауап алды.
Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтары:
Ваучерлік қаржыландыру Астанадан өзге Тараз, Түркістан, Орал және Шымкент қалаларында да сәтті енгізілді. Жаңа жүйенің арқасында Түркістан, Орал және Тараз қалаларында 2 жастан асқан балалардың кезегі толығымен қанағаттандырылды.
Алдағы уақытта өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу жалғасады. Бұл еліміздің барлық өңірлеріне ваучерлік қаржыландыруды тиімді енгізу үдерісін жеделдетуге және мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа бастамаларды жүзеге асырудың тиімділігін арттырады.