Іс-шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған
Еліміздің әртүрлі өңірде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы ТЖД «Қазселденқорғау» ММ-мен бірлесіп Үлкен Алматы өзені бассейнінен Түрген өзені бассейніне дейінгі мұздақ көлдерге, биік таулы мұздақ көлдерге, сел ойпаттары мен ошақтарға, көшкін қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді. Аэровизуалды ұшу нәтижелері бойынша барлық мұздақ көлдер қысқы режимде, минималды белгілердегі стационарлық көлдер, стационарлық емес көлдер іс жүзінде бос екендігі анықталды.
Алматы облысында Жармұхамбет өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жармұхамбет ауылындағы су тасқыны қауіпті учаскесі зерттелді, «Монтажник», «Кирпичник», «Ивушка», «Кристалл» ПКСТ бойындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы тексерілді, онда осы өзен арнасын механикалық тазартылды. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және еріген қар суының кедергісіз өтуі мақсатында өзен арнасын 1,2 км бойы тазартылды.
Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында мемлекеттік инспектор бастаған жұмыс тобы Абай облысының Жарма ауданына барды. Жұмыс сапары барысында олар Ортабұлақ және Шар гидротехникалық құрылыстарын аралап көрді. Жарма ауданының әкімі су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, шұғыл қызметтердің дайындығы және төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қажетті ресурстар туралы баяндады.
Ақтөбеде Мәртөк ауданындағы ықтимал қауіпті учаскелерді аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Сарыжар, Саржансай, Мәртөк ауылдарындағы су тасқынына қарсы жасалған Сарыжар ауылындағы бөгеттер, Саржансай ауылындағы төменгі Елек өзені жағасы және Мәртөк ауылында еріген қар суының арналарындағы кеңейту жұмыстарын бақылады.
Талас өзеніндегі су шығыны мен деңгейінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты - өзендегі су деңгейінің өзгеруін уақтылы анықтау, ықтимал қауіпті бағалау және қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Бәйтерек ауданында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Су жіберу жолдары, сужинағыштар, елді мекендердің дайындық паспорттары да тексерілді.
Оқи отырыңыз: ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді