Елімізде пациенттердің жеке медициналық деректерін сақтау мерзімі өзгереді. Денсаулық сақтау министрлігі арнайы құжатқа өзгеріс енгізбекші. Оған сай, науқастардың рентген және биомагниттік суреттері, компьютерлік томографиясы, эндоскопия нәтижелері сияқты бірқатар мағлұмат тек 15 жылға дейін сақталады. Бүгінге дейін ол деректер қанша уақытқа дейін сақталып келген? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» теларнасының студия қонағы Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің бас сарапшысы Нұрмахан Мелдеханов жауап береді.
– Нұрмахан мырза, медициналық жеке деректерді сақтауға қатысты құжатта тағы қандай өзгерістер бар? Егер бұл ережелер енгізілсе, денсаулық сақтау жүйесінде қандай жаңашылдық болмақ?
"Аталған бұйрыққа бірнеше өзгертулер енгізілуде. Оның ең маңыздысының бірі – ол медициналық бейнелердің сақталу мерзіміне қатысты ақпарат. Яғни атап өткенде ересектерге – 10 жыл, 15 жастан жоғары. Ал балаларға 15 жыл, 15 жасқа дейінгі. Бұл бұйрықты біз министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, ұлттық ғылыми орталықтарымен және де медициналық сарапшылар бірге министрлікте жиналыстар мен талқылаулар өткіздік. Сондай-ақ жиналыста біз халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, салыстырмалы түрде қазіргі уақытта осындай шешімге келіп отырмыз. Қазіргі уақытта бұл медицинаға қандай жаңашылдық алып келеді? Қазақстанда медициналық бейнелерді регламенттейтін нақты нормативтік құқықты акті болмаған. Біз осы өзгерістерді енгізу арқылы белгіленген тәртіпте регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын боламыз. Қазіргі уақытта нормативтік құқықты акті талқылауда тұр. Белгілі бір мерзім өткеннен кейін, жобаны қабылдайтын боламыз".
– Бұл өзгерістерден медициналық мекемелер мен қызметкерлердің жүктемесі көбейіп кетпей ме? Ал науқастардың деректері қалай қорғалады?
"Медициналық персоналдарға, қызметкерлерге бұл ешқандай ауыртпашылық келтірмейді. Біз керісінше жұмыстарды жеңілдетеді деп күтіп отымыз. Өйткені медициналық бейнелердің сақталу мерзімі регламентте жоқ деп айттым ғой. Қазір олар 20-25 жыл уақыт сақталады. Сонымен қатар медициналық деректер сақталуы – бұл өте маңызды мәселелердің бірі. Бізде өз сөзіміздің басында айтып кеткендей, бірнеше өзгертулер енгіздік. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің 60-бабының 2-тармағының сәйкес, цифрлық денсаулық сақтау субъектілері медициналық деректерді ұлттық денсаулық сақтау паспортына беріп отыратын регламентті аталған бұйрыққа қосып отырмыз. Сондай-ақ осы талаптарды қою арқылы, медициналық деректердің сақталуына қатаң түрде тәртіп енгізілетін болады".
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында медбикелер үстемақы алу үшін жалған құжат жасаған