Елімізде соңғы 3 жылда балабақша кезегі 2 есеге қысқарған

24.01.2025 15:17

Биыл 300 мың білім алушыға арналған 200-ге жуық мектептің құрылысы жүруде

Lucas Alexander/unsplash.com

2024 жылдан бастап елімізде 627 балабақша ашылып, 93,1% бала мектепке дейінгі ұйыммен қамтылды. Соңғы 3 жылда балабақша кезегі 2 есеге қысқарған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар 2024 жылы 373 мың орынға арналған 257 мектеп қолданысқа берілді. Биыл 300 мың білім алушыға арналған 200-ге жуық мектептің құрылысы жүруде.