Есірткі сатудың 37 фактісі және синтетиканы сақтаудың 37 дерегі анықталды
Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуір айында республика бойынша есірткі айналымына қарсы операциялар жүргізілді
- Есірткі сатудың 37 фактісі және синтетиканы сақтаудың 37 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 13,5 кг синтетика тәркіленді, оның қара нарықтағы құны шамамен 405 млн теңгені құрайды. 29 адам ұсталып, уақытша изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті