Еліміздегі дәмханаларда ауызашар бағасы қандай

Abdullah Arif / Unsplash
Abdullah Arif / Unsplash

Астана, Атырау, Алматы мен Ақтөбеде дайын мәзірдегі ауызашар бағасы жоғары

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рамазан айында мейрамханалар мен дәмханалар арнайы ас мәзірін ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану орындары түрлі ас мәзірін ұсынады. Мәзірде бірінші және екінші ыстық тамақ, шырын мен шайға арналған тәттілер бар. Мәселен алдымен түрлі сорпаны таңдауға болады. Ал, ыстық тамақтан манты, қуырдақ пен күріш жеуге болады. Сонымен бірге ауызашар кезінде түрлі көкөністен жасалған жеңіл салаттарға да тапсырыс қабылданады. Шай дастарқанына кептірілген жеміс немесе шығыс тәттілері ұсынылады. Қазіргі кезде барлық мейрамхана мен дәмханада құрма мен су тегін беріледі.

Қазақстан бойынша бір адамға арналған мәзір құны 3 мың теңгеден басталып, 7 мыңға дейін жетеді. 

Астана, Атырау, Алматы мен Ақтөбеде дайын мәзірдегі ауызашар бағасы жоғары. Мұнда кешкі тамақ 5 000 теңгеден басталып, адам басына 15 000 теңгеге дейін жетеді. 

Қызылорда, Түркістан, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Орал, Қарағандыда баға төмен. Мұнда бір адамға арналған ауызашар мәзірі 2 500 теңгеден басталады. 

Жезқазған, Ақтау, Қостанай, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қонаев, Шымкент пен Таразда ауызашар мәзіріндегі тағам бағасы 3 000 теңгеден басталады.

  • Астана – 5 000-15 000 тг/адам
  • Алматы – 3 000-12 000 тг/адам
  • Қарағанды – 2 500-6 000 тг/адам
  • Жезқазган – 3 500-7 000 тг/адам
  • Ақтау – 3 500-7 500 тг/адам
  • Атырау – 7 000-13 000 тг/адам
  • Ақтөбе – 3 500-12 000 тг/адам
  • Орал – 2 500-5 000 тг/адам
  • Павлодар – 2 500-9 000 тг/адам
  • Петропавл – 2 500-5 500 тг/адам
  • Көкшетау – 2 000-8 500 тг/адам
  • Қостанай – 3 200-5 500 тг/адам
  • Өскемен – 4 250-6 000 тг/адам
  • Семей – 4 500-7 000 тг/адам
  • Талдықорған – 3 000-4 000 тг/адам
  • Қонаев – 3 500-6 000 тг/адам
  • Қызылорда – 2 500-6 000 тг/адам
  • Шымкент – 4 000-9 000 тг/адам
  • Тараз – 3 000-10 000 тг/адам
  • Түркістан – 2 500-5 000 тг/адам.

Оқи отырыңыз: Сауап алу үшін аузы берік жанға бір түйір құрма ұсыну да жеткілікті - имам

Новости партнеров