Елордада 40-тан астам алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

07.02.2025 18:16

Өзгелердің ақшасын иемденген 31 жастағы тұрғын анықталды

polisia.kz

Елордада 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, Olx қосымшасы арқылы алданып қалған.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 31 жастағы тұрғынды анықтады.  

"Тергеу барысында ер адам Olx қосымшасында жиһаз сатамын деп алдап, дәл осындай іске қатысты 40-тан аса эпизоды бар екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Оқи отырыңыз: Қарғын су: ШҚО-да жоғары дайындық режимі енгізілді