Елордада Алжир елшілігі тарихта есімі қалған батырларын ұлықтады

Алжирдің Қазақстандағы елшілігі
Алжирдің Қазақстандағы елшілігі

Алжир елінің тәуелсіз жолында маңызды роль ойнайтын күнге орай, батыр шейіттерін еске алып, үнсіздік жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Елордада Алжир елшілігі  Ұлттық шейіттер күнін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алжир елінің тәуелсіз жолында маңызды роль ойнайтын күнге орай, Алжир Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Төтенше және өкілетті елші Фениш Кемал мырзаның басшылығымен мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара барысында елдің егемендігі үшін тарихта есімі қалған батырларын ұлықтау мақсатында ұлттық ән-ұран шырқалып, мемлекеттік жалау көтеріліп, батыр шейіттерін еске алып, үнсіздік жарияланды.

Ел тәуелсіздігінде маңызды ай төңірегінде Фениш Кемал баяндама жасап, құрбан болған батырларының рухына арнап Құран бағыштады.

"Татулас және сүйікті Қазақстанның топырағында Алжирдің ең ұлы айларының бірі саналатын Шәһидтер күнін «Шәһид –  мәңгі рұх және адалдықтың үлгі жолы»  атты ұран аясында салтанатты түрде мерекелеп жатырмыз. Бұл мерекелік игі іс-шара Алжир елінің егемендігі жолында өмірін құрбан етіп, еркіндікті сақтауда үлгі көрсеткен батыр боздақтарының құрметіне арналады", – деді Алжирдің ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Фениш Кемал.

Іс-шараның мақсаты – боздақтардың рухына тағзым жасап, ерлігін ұлықтап, келер ұрпаққа насихаттау. Мәселенің маңызын Республика президенті Әбдельмаджид Теббун Жолдауында да баса айтып жүр.

Алжирдің тарихында орын алған тарихи оқиғалар:

  • 1947 жылы ақпанда OS-арнайы ұйымы (Арнайы ұйым) құрылды:
  • 1957 жылы 18 ақпанда Алжир халқының өзін-өзі басқару құқығын мойындаған БҰҰ он бірінші сессиясы кезінде № 1012 қарары қабылданды;
  • 1960 жылдың  13 ақпанда Алжирдің оңтүстік аумағында жүзден аса ядролық жарылыс болды
  • 1958 жылдың 8 ақпанда Сакиет Сиди-Юсеф ауылында бомба жарылды.
  • 1959 жылы ақпанында жаяу жүргіншілерге қарсы жарылғыш заттар орнатылды.

 

Новости партнеров