"Сіз пәтер ұтып алдыңыз": Астанада алаяқтардың call-орталығы жойылды

16.03.2025 10:55

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды

polisia.kz

Ішкі істер министрлігі алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар кешенін жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall-орталықты жойды.

Қаскөйлер өздерін "Техносмарт", "Байзон", "Like me shop" интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажетті туралы айтқан.

«Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Жеті ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді»,- делінген хабарламада.

Егер сіз осындай алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, 102 нөміріне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз.

«Сонымен қатар Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады. Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапаншасы және төрт армиялық каска тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 64 sim-box құрылғысын анықтап, отандық ұялы операторлардың 90 мыңға жуық sim-картасын тәркіледі.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында тасыған су уақытша өткелді шайып кетті