Емханалар жанындағы мобильді бригадалардың жұмыс тәртібі не үшін өзгерді

22.04.2025 16:06

Биыл 1 мамырдан бастап емханалар жанындағы мобильді бригадалардың жұмыс тәртібі өзгереді. Енді бұл топтар медициналық мекеменің жұмыс уақытында ғана қызмет көрсетпек. Бірақ бұл жедел жәрдем шақыру мүмкіндігі шектеледі деген сөз емес. 103 нөмірі бұрынғыдай жұмыс істей береді. Мобильді бригадаларға қатысты тағы қандай өзгерістер болмақ? Осы және өзге сұрақтарға Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиеважауап береді.

– Әсел ханым, жаңа ережелер бойынша мобильді бригадалар қалай жұмыс істейді?

«Биыл 1 сәуірінде жедел жәрдем қызметі тәртібіне өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістер емхана жанындағы 4-санаттағы қызмет қамтамасыз етуге арналған бригадалар жұмысына байланысты. Осы уақытқа дейін олар емхана жанынан 24/7 режимінде қызмет атқарған болса, 1 мамырынан бастап олардың жұмыс уақыты сағат 8:00–20:00-ге дейін болады. Олар енді мобиьдік бригада болып өзгертілді, біріншіден. Екіншіден, жедел жәрдем станциялары жұмысын атқара береді. Халық бұрын 103 нөмеріне телефон шалып, жедел жәрдемді қалай шақырса, алдағы уақытта солай шақыра береді.

– Өзгерістерді енгізуге не түрткі болды?

«Әрбір қызметке министрлік тарапынан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан талдау жүргізіліп отырады. Міндетті түрде тоқсан сайын, жарты жылдық сайын халықтан түскен өтініш, арыз-шағымдар қаралып соның нәтижесінде жұмысшы тобымен өзгерістер енгізу қолға алынды. Бұл аталған өзгеріс министрліктің қоғамдық кеңесімен, ашық нормативтік құқықтар порталында енгізілді. Мақсат – жедел жәрдем қызметінің қолжетімділігін арттыру, кешігу жағдайын азайту.

Оқи отырыңыз: Алматыдан 508 шақырым қашықтықта жер сілкінді