Ерекше датада некеге отырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Jeremy Wong Weddings / Unsplash
Jeremy Wong Weddings / Unsplash

Елімізде күн сайын шамамен 500 неке тіркеледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 2025 жылдың 25 ақпанында некеге тұру бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды. Айтулы күнде 1 мыңға жуық жұп ресми түрде отбасын құрды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл - елдегі күнделікті орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.

«Ең жоғары көрсеткіш Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Қостанай облысында тіркелген. Ал керісінше, Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болды», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорацияның деректеріне сүйенсек, жалпы елімізде күн сайын шамамен 500 неке тіркеледі. Бұл 2025 жылғы 25 ақпандағы көрсеткіштен 2 есе аз.

Айта кетейік, 2024 жылы АХАТ бөлімдері арқылы 125 544 неке рәсімделген. Өткен жылы ең көп неке шілде айында қиылып, 13 257 жұп отбасын құрды. Ал ең аз неке саны мамыр, наурыз және қараша айларында тіркелген, әр айда шамамен 8 мың неке қиылған.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 000-нан астам жас баспанаға ие болды

Новости партнеров