Есірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

26.02.2025 15:45

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды

Видеодан кадр

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ірі мөлшерде гашиш есірткі құралы мен мефедрон психотроптық затының контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Тәжікстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Almaty.tv Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың тамыз айында күдікті Қостанай облысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тыйым салынған заттарды тасымалдамақ болған кезде шекара қызметкерлері ұстаған.

"Күдіктінің жеке басын ескере отырып, тергеу органы оған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын таңдаған. Алайда ол бұл жағдайды пайдаланып, белгіленген жауаптылықтан құтылу үшін тергеуден жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.

2024 жылдың мамыр айында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Елімізде жол апатынан 10 мыңнан аса жасөспірім зардап шеккен