Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болған
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болған.
"Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін теміржол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында құтқарушылар екі автокөлікті қар құрсауынан алып шықты