Кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген
«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін қар барысы қайтадан фототұзаққа түсіп, жабайы табиғаттың ерекше сұлулығын көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген.
«Ғылыми инспекторлардың маңызды еңбегін атап өткен жөн, олар тәулік бойы парктің аумағын бақылап, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша зерттеулер жүргізеді. Олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында фототұзақтар дұрыс жерлерге орнатылып, осындай әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, қар барысы – баға жетпес табиғи мұрамыздың символы.
Оқи отырыңыз: Бразилиялық футболшы Кафу спортшылармен кездесті