Іле-Алатау ұлттық паркінде тау ешкісі мен жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Алынған деректер бойынша болашақта зерттеулер жүргізілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Іле-Алатау паркіне қарасты жабайы табиғатты қорғау және есепке алу жұмыстары аясында фототұзақ арқылы ерекше кадрлар түсірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, парк қызметкерлері жануарлар жиі жүретін жерлерге камераларды орнатып, парк жануарларының өмірінен сирек сәттерді түсіріп алған.

"Фототұзаққа сібір тау ешкісі мен жабайы қабан түсті. Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет", - дейді комитеті өкілдері.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр.

Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады.

Оқи отырыңыз: Қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Новости партнеров