Көктем – табиғаттың ғана емес, түрлі вирустардың да тарайтын кезі. Бұл кезеңде адамдар жеңіл тамақтанып, көп жағдайда дәрумендер мен ақуыздарды жеткілікті мөлшерде қабылдамайды. Бұл — ағзаның әлсіреуіне түрлі ауруларға әкеп соғады. Иммунитетті нығайту үшін не істеу керек? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы № 30 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Гүлдана Орынғали жауап береді.
– Гүлдана Орынғалиқызы, иммунитеттің әлсіздігін білдіретін белгілер қандай?
«Оның ең басты себептерінің бірі – адамның жұқпалы инфекциялар жылына кем дегенде 4-6 реттен ауыруы. Келесі ауырғаннан кейін науқастың жазылып кету процесінің созылып кетуін айтамыз. Сондай-ақ науқастардың қан түзу жүйесінің жиі сырқаттануын айтуға болады. Мұрнынан қан кету, құлақтан қан кету жиілей түседі. Ал науқастар жиі ауыра бермейтін инфекция түрлері бар. Олар тері мен шырышты қабаттың инфекциялары түрлі, олардың көп ұзақ созылып кетіп, жазылмауы да себеп болып табылады».
– Ағзаның әлсіреп, иммунитеттің төмендеуі неге әкеп соғуы мүмкін?
«Иммунитеттің әлсіреуі, біріншіден, организмге инфекция түскенде төтеп бере алмайды. Соның салдарынан ауруды емдеген кезде, жедел сатысын дұрыс емдеу керек. Себебі ол созылмалы сатысына өтіп кетеді. Ал науқастардың иммунитеті төмен болғандықтан, жедел сатысы аурудың созылмалы сатысына ауысады. Науқас тіпті диспансерлік учетқа тұруы мүмкін».
– Дәрігер ретінде кеңесіңізді айтсаңыз, иммунитетті нығайту үшін не істейміз?
«Иммунитетті нығайту үшін дұрыс тамақтану керек. Біз не жейміз, сол жеген әр зат организмде ұсақ молекулаларға ыдырайды. Сол молекулалардан денеміздегі әр жасуша қоректенеді. Сол себептен жеген тамағымыз міндетті түрде құнарлы, белокқа, минералдарға бай тамақ ішуіміз керек. ДСҰ енгізген соңғы қағидатқа орай, физикалық белсенділік аптасына кемінде 150-300 минутты құрауы керек. Жүгіру, жай жүріп қайту сияқты күнде кемінде 35-40 минут серуендеу қажет. Денсаулықты нығайту екпені уақытылы алған дұрыс. Қарапайым ереже қолды жуып, гигиена сақтау өте маңызды рөл атқарады.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында 2 000-нан астам маманның еңбекақысы төленбеген