Инновациялық қақпа жүйесін: жол бойында жиналған көліктердің кері айналып кете алады

28.04.2025 21:35

Жүйе автожолдың 1426 шақырымындағы «Астана – Теміртау» ақылы учаскесіне кіреберіс жерде орналасқан

ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автожолына алғаш рет инновациялық қақпа жүйесін орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүйе автожолдың 1426 шақырымындағы «Астана – Теміртау» ақылы учаскесіне кіреберіс жерде орналасқан.

Орнатылған 24 ДД/300-1 1х31-0,86 қақпа жүйесі – күрделі ауа райы жағдайларында көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи инженерлік шешім. Конструкцияның жалпы биіктігі 1,1 метр, ұзындығы 64,8 метрді құрайды және екі жақты металл аралас қоршау түрінде жасалған.

Қақпа жүйесінің ерекшелігі – алты бөлікке бөлінген, 45 градус бұрышпен ашылатын секциялардан тұрады. Ашылған кезде ұзындығы 31 метрге дейін жетеді. Оның ішінде ұзындығы 6,5 метр болатын екі секция және ұзындығы 4,5 метр болатын төрт секция бар. Сондай-ақ ұзындығы 16,7 метрден тұратын екі өтпелі бөлік те қарастырылған, бұл жол бойында жиналған көліктердің кері айналуына және қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қақпа жүйесінің барлық элементтері коррозияға қарсы арнайы жабынмен қапталған, бұл құрылымның беріктігін арттырып, төзімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жүйені құру және жабдықты орнату жұмыстары толық аяқталды. Бұл инновациялық шешім еліміздегі ең қарқынды жол бөліктерінің бірінде қозғалыс қауіпсіздігін едәуір арттырмақ.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Алматы облысының әкіміне жолдың құрылысына мән беруді тапсырды