Биыл 3 айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды
Елімізде 3 айда 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тыйым салынған заттарды сақтап, таратқандардың ішінде жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері бар. Қылмыстық кодекстің 296 және 297-баптарына сай, мұндай қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ есірткіні әлеуметтік желі арқылы насихаттап, жарнамалайтындар да жауапкершілік арқалайды. Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандарды есірткі айналымына тарту деректері көбейгенін айтып, ата-аналарға үндеу жасады.
" Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың араласатын ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз!" – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Оқи отырыңыз: Тәжікстанда жер сілкінісінен 100-ге жуық үй қирап, бір бала көз жұмды