Қай қалаларда жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды

Phill Brown/unsplash.com/
Phill Brown/unsplash.com/

2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуаясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуаясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды.

Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалы – объектінің өткізу қабілеті жылына 2,5 млн-нан 14 млн. жолаушыға дейін ұлғайды. Отандық авиакомпаниялар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan Қазақстанның 19 қаласына тұрақты ұшуды орындайды. Халықаралық әуе қатынасын әлемнің 26 елінде 50 бағыт бойынша 30 шетелдік авиакомпания орындайды.

Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының – өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 млн. жолаушыға дейін. Жаңа терминал халықаралық әуе маршруттарының санын 10-ға, рейстерді аптасына 24-ке дейін арттырды. Джидда, Медина (КСА), Доха (Катар), Фукуок (Вьетнам) және Пхукетке (Тайланд) әуе қатынасы ашылды.

Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының - өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 2 млн. жолаушыға дейін өсті. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласынан 25 ішкі рейс орындалуда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның әуежайларында ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қандай жағдай жасалған

Новости партнеров