Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.
«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет, онда ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңгені құрайды) және жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы, 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайынғы төлемі және инвестициялық табыс есептелетін болады.
«Келешек» жүйесінің шарты – ата-аналар кемінде 12 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс.
Шоттарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.
Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады.
Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады.
Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.
2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мыналар құқылы:
Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу
2029 жылға дейін жатақханаларда жыл сайын 10 мың орынды пайдалануға беру көзделген.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11 096 орын пайдалануға берілді.
Астана және Алматы қалаларында жатақханаларда орындарды уақтылы алу бойынша ел студенттеріне консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт-офистер жұмыс істейді.
2024 жылы жатақханалар салу бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Алматы қаласында 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін, Астана қаласын қоса алғанда, елдің басқа өңірлерінде 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Сондай-ақ, жатақханаға объектілерді реконструкциялағаны үшін өтемақы мөлшері 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің жатақханаларды салуға және реконструкциялауға кеңінен қатысуын қамтитын жаңа жатақханалар салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді.
2025 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастарға және 1 және 2-топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғастырылады.
Оқи отырыңыз: Елімізде қаңтарда өтетін ҰБТ басталды