2025 жылдың наурызында қазақстандықтар қалай демалады

31.01.2025 19:31

Көктемнің алғашқы айында елімізде екі бірдей мереке атап өтіледі

Коллаж Almaty.tv

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда, 14 күн демалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл айда екі бірдей айтулы мерекелер тойланалды: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

"ҚР мерекелер туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы - мемлекеттік мерекелер. Ал аталған заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс күндері болып саналады.

Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, ал 10 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.

Дегенмен наурызда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері болғанына қарамастан, ол мерекелер де аталып өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) – Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлері күні

БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ

1 наурыз – «Нөлдік кемсітушілік» күні; Дүниежүзілік теңіз балдырлары күні;

3 наурыз – Дүниежүзілік балалар телерадио хабарларын тарату күні; Дүниежүзілік жабайы табиғат күні;

4 наурыз – Дүниежүзілік семіздікке қарсы күрес күні;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

10 наурыз – Халықаралық әйел судьялар күні;

15 наурыз – Халықаралық исламофобиямен күрес күні;

20 наурыз – Халықаралық бақыт күні; БҰҰ жанындағы Халықаралық француз тілі күні және Халықаралық франкофония күні;

21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні; Нәсілдік кемсітушілікті жоюдың халықаралық күні; Халықаралық орман күні; Халықаралық Даун синдромы бар адамдар күні; Наурыз мейрамы;

22 наурыз – Дүниежүзілік су ресурстары күні;

23 наурыз – Дүниежүзілік метеорологтар күні;

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні; Халықаралық адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығы күні;

25 наурыз – Халықаралық құлдық және трансатлантикалық құл саудасы құрбандарын еске алу күні; Халықаралық қамауға алынған және хабарсыз кеткен қызметкерлермен ынтымақтастық күні.

Оқи отырыңыз: Елімізде алақанның көмегімен жүзеге асырылатын төлем жүйесі әзірленді