Қостанай облысында сүт-тауар фермасының құрылысы басталды

Photo by Austin Santaniello on Unsplash
Photo by Austin Santaniello on Unsplash

Ферма жылына 4,5 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Басбек ауылында 660 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаның құны – 3,5 млрд теңге, оның 500 млн теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты, ал 3 млрд теңге мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2,5% мөлшерлемемен несие ретінде бөлінді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл жобаның агроөнеркәсіп кешенінде өңделген өнімнің үлесін 2026 жылға қарай 70%-ға дейін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталғанын атап өтті. Ферма жылына 4,5 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді.

«Бұл жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге және ауыл шаруашылығы экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Біз Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсуі мен ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған стратегиясын іске асырып жатырмыз», – деді өңір басшысы.

Айта кету керек, бұл облыстағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жалғыз жоба емес.
Қостанай облысында жоғары сапалы сүт өндірісі үшін Федоров, Қарабалық, Мендіқара және Алтынсарин аудандарында тағы 6 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларының құрылысы жүргізілуде.
Аталған фермалардың іске қосылуы сүт өндірісін 43 мың тоннаға арттырады, ал облыстағы сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 80%-дан 95%-ға дейін өседі.

Оқи отырыңыз: Павлодарда картопты қымбат бағаға сатып келген 8 дүкеннің иесі жазаланды

Новости партнеров