Ер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бейнебақылау жүйесіне қасақана зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды
Павлодар колониясында сотталған екі бейнебақылау камерасын сындырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар колониясында сотталған екі бейнебақылау камерасын сындырды. Осы құқық бұзушылыққа байланысты оның қамау мерзімі ұзартылды. Бұл жағдай сотталғанның жазасын өтеп жатқан №45 мекемеде болды.
"Белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында ол екі камераға қасақана зақым келтірді", – деді қадағалау органы.
Ер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бейнебақылау жүйесіне қасақана зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 13 пайызға азайды