Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі
eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.
Кәмелетке толған азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы сот шешімімен жүзеге асырылады. Осы шешім негізінде болашақ қорғаншы немесе қамқоршы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қамқоршылық белгілеу туралы өтініш бере алады.
Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін:
Өтініш бергеннен кейін, пайдаланушының Жеке кабинетіне тиісті бұйрық немесе дәлелді бас тарту жөнелтіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні.
Сонымен қатар, өтінішті қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті құжаттарды тапсыру арқылы да беруге болады.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысы аясында іске асырылды.