Учаскеде бақылау аркалары және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар
26 қаңтардан бастап Қызылорда-Арал бағытындағы жол ақылы болады. Бұл талап автобус пен жүк көліктеріне ғана қойылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ал жеңіл көлік иелері жолды тегін пайдаланады. ІІ техникалық санаттағы жолдың ұзындығы 454 шақырым. Учаскеде бақылау аркалары және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар.
Арнайы төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкинг, терминал мен электрондық әмиян, сондай-ақ ұялы телефон балансынан да ақы өтеу қарастырылыпты. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер де бар.
"454 шақырымда 6 бақылау аркасы бар. Сергек камералары қойылған. Жылдамдығын, көлемін, бәрін өлшеп тұрады. Көкшетау – Астана тасжолында жабық жүйе болса, бізде ашық жүйе болады. Жолда тоқтап, уақытын алмас үшін жүргізушілерге интернет банкинг, арнайы жүйеден "ақылы жол" деп көрсетіліп тұрады", - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Анжархан Қасымханұлы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанды газдандыру: Түркістан облысында биыл қанша ауыл көгілдір отынмен қамтылады