Қар құрсауында қалған 200-ге жуық адам құтқарылды

27.02.2025 17:17


ТЖМ құтқарушылары 71 көлікті сүйреп шығарды

ТЖМ ресми телеграм каналы

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 200 жуық адамды құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа-райының нашарлауына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалды.

ТЖМ құтқарушылары 198 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз:Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылды