Мамандардың айтуынша, ауа температурасы 1°С-қа дейін төмендейді
"Қазгидромет" синоптиктері 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың айтуынша, түнде еліміздің шығыс аймағында, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында топырақ беті қатып, ауа температурасы 1°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың әсерінен жылжыған фронтальды бөліктерге байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Сәйкесінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.
Қазақстан аумағы бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Алматыда 21-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болады