Қарағанды облысында балабақша есепшілері 300 млн теңге жымқырған

06.03.2025 18:37

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

primeminister.kz

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

«Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Зорлық-зомбылықпен күрес: 16 мың әйелдің құқығы қорғалды