Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында табиғи өртті оқшаулады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бақты орманшылығының ашық аумағында құрғақ шөптер мен тоғайшалардың өртенуі тіркелді.
«Өртті жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 бірлік техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар ТЖМ Қазавиақұтқару үш әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, ЖАО, Бақты орманшылығы, Кува орман шаруашылығы қызметкерлері, «Қазавиақорғау» десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта ТЖМ әуе кемелерімен 6 су төгу жұмысы іске асырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қаза тапқандар саны 28-ге жетті: Иранда қаралы күн жарияланды