От шарпыған аумақ 35 мың гектарға жеткен
Қарағанды облысындағы өрт оқшауланды. От шарпыған аумақ 35 мың гектарға жеткен. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызыл жалынның күші қайтқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, министрлік Қарағанды мен Қарқаралы ауданындағы жағдайды бақылап отыр. Аталған аймақтарға төтеншеліктермен қоса, қосымша күштік құрылымдар жұмылдырылған.
"Өрт шарпыған аумақтағы жалын оқшауланды. Енді мәселе ушықпайды. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы аймағынан 6 қазанда сағат 4:00-де өрт басталды. Тілсіз жау түске қарай Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің шекарасына дейін барды. Жағдайды толық бақылауда ұстап отырмыз", – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді