Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан Жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында су тасқынына қарсы бөлінген 300 млн теңге жымқырылған