Қарағандыда ХҚО жанынан ер адамның мәйіті табылды

15.04.2025 16:35

Бұл факті полицияға тіркелді

Jason Rojas/unsplash.com/

Қарағандыда жергілікті тұрғындар ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ер адам жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына жақын жерде, Сортировка тұрғын алабында өлі күйінде табылған.

«14 сәуірде қала шетінде орман екпелерінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факті полицияға тіркелді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге қан айналымының жедел жеткіліксіздігі және басқа да аурулар себеп болған», - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында үйінде ондаған килограмм есірткі сақтаған адам ұсталды