Қарағандыда өгей әке 15 жастағы қызын досына күштеп күйеуге берген

Cassandre Boyer / Unsplash
Cassandre Boyer / Unsplash

Қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды ​​облысында өгей әке 15 жасар қызды 38 жастағы жігітке үйлендірген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап..

Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оқиға туралы ақпаратты NeMolchi қоры әлеуметтік желілерде жариялады. Олардың айтуынша, қыздың ағасы олармен байланысқа шығып, болған жағдайды айтып, көмек сұраған.

«Шұғыл жағдай Қарағанды ​​облысының Абай қаласынан түсті. 15 жасар қызды өгей әкесі 38 жастағы жігітке күштеп "күйеуге" берген. Қыздың ағасы бізге хабарласты: бес күн зорланған қыз туған әкесіне қашып үлгерген. Және олар бірден арыз берген. Бірақ әдеттегідей өтініш қабылданбай, сараптамаға жіберілмеген. Біздің араласуымыздан кейін қыз Қарағандыға сараптамаға жіберілді, бірақ ілеспе тергеуші құжаттарды дұрыс толтырмай, қызды сараптамасыз кері қайтарған», - деп жазады NeMolchi қоры.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті 15 жасар қызға жасалған қылмысқа қатысты хабарлады.

«Осы қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтерді жария етуге жатпайды», - деді департаменттегілер.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су басып қалды

Новости партнеров