Жолдарды 2024 жылғы 21 қараша сағат 08:00–де ашу жоспарланған
"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі шұғыл көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:30–да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырымы аралығында (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады", — делінген компания таратқан хабарламада.
2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:30–да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар облысында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы — Шидерті ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдарды 2024 жылғы 21 қараша сағат 08:00–де ашу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Мал ұрлығы: Қызылордада бір тәулікте 3 дерек анықталды