Қарасу ықшамауданындағы скверге қарағай көшеті отырғызылды

Ағаштардың дұрыс өсуін қамтамасыз ету үшін заманауи автоматты суару жүйесі орнатылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарасу ықшамауданындағы скверге биіктігі 6 метр болатын 42 ірі қарағай көшеті отырғызылды. Бұл іс-шара көлік ағыны көп көшелердің бойын абаттандыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

мақсат – ауадағы зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтып, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту. Наурыз айында биіктігі 4 метр болатын көшеттер Саин, Рысқұлов, Сәтбаев көшелеріне, Көкжиек ықшам ауданына, Гүлдер саябағына және басқа да қоғамдық орындарға егілмек.

 «Алматы қаласы бойынша бізде 2000 ағаш отырғызамыз. Ол әр ағаштың бекітілген мекен-жайы бар, – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Мирасәлі Ілиясов.

Ағаштардың дұрыс өсуін қамтамасыз ету үшін заманауи автоматты суару жүйесі орнатылған. Мердігер компания көшеттерге үш жыл бойы күтім жасауды өз мойнына алады. Кейін ағаштарды күтіп-баптау Алатау ауданы әкімдігі тарапынан жалғасады. Көшеттерді отырғызу «Экология және табиғи ресурстар» министрлігіне қарасты «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» мамандарының ұсынысы негізінде жүргізіліп жатыр.

 «Биыл әкімшілікке ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені қаншама қарағаш,  шырша отырғызып жатыр.Қарасу тұрғындарына айтарым, табиғатты аялайық, – деді қала тұрғыны Ғайния Шәпішқызы.

Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: қоқыс жинау жарысы қала тұрғындары мен олимпиадашыларды біріктірді

Новости партнеров