Жиын соңында қызметкерлер қаржы сарапшысының жеке қабылдауында болды
Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Алматы тазалық» қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Коммуналдық сала мамандарының қаржылық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік әл-ауқатын нығайтуға бағытталған іс-шараға AMANAT партиясы мұрындық болды. Семинар барысында қатысушылар жеке қаржыны тиімді басқару, алаяқтықтан сақтану, төлем мерзімі 90 күннен асқан қарыздарды қайта құрылымдау және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша практикалық кеңес алды. Ал жиын соңында қызметкерлер қаржы сарапшысының жеке қабылдауында болды.
«Бұл жерде 500-ден астам қызметкер бар. Дегенмен оларға қарызы 90 күннен асып кеткендігі, сонымен қатар қарыздары сот орындаушылар ұстап отырғаны белгілі. Сол себепті қаржылық сауаттылық пен мастер класс өткіздік. Сонымен қатар қарызын төлей алмай жүрсе, есеп шоттары бұғатталса, шешіп, несие төлейтін кестесін жасап, соттан тыс, сот арқылы банкроттыққа өтінім беруге мүмкіндік болса, банкроттыққа жібереміз» – деді «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Сая Сағынғали.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі