Қаржы пирамидасы: «Asar Baspana» ұйымының қызметін тоқтатты

11.03.2025 15:23

Тергеу барысында ұйымның 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге жинағаны белгілі болды

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігі тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып, заңсыз жұмыс істеген «Asar Baspana» ұйымының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында ұйымның 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге жинағаны белгілі болды. Ұйымдастырушылар салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін пайда уәде етіп, ақшаны жаңа қатысушылардың есебінен төлеп отырған. Ал негізгі қаржы ұйымның негізін қалаушы мен оның серіктестерінің қолында кеткен. Кең ауқымды тінту кезінде 49 кеңсе мен 81 мекен-жай тексеріліп, 1,1 миллиард теңге, 10 премиум санатындағы көлік және 945 миллион теңге қолма-қол ақша тәркіленді.

«Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды. 1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған. 2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деді  ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан. 

Оқи отырыңыз: Қара риелторлар: психикалық науқастарды өлтіріп, пәтерін сатқан қылмыстық топқа қытысты үкім шықты