Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген
Қасиетті Рамазан айына 30 күн қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. ҚМДБ Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын еске салды.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген мәліметте.
Ақпаратқа сәйкес, Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Ал Құрбан айт 6 маусымға тура келген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір ауыл алкогольден мүлдем бас тартты