Мектептер де ваучерлік тәсілмен қаржыландырылуы мүмкін

28.01.2025 13:37

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады

Almaty.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептер салу мен жаңғырту жұмыстары жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бюджет қаржысын үнемдеп, қаражаттың ашық жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Бұған жол ашатын тәсілдерді енгізу жұмыстарын жалғастыру керек. Осы орайда мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік тәсілмен қаржыландыратын пилоттық жобаны атап өткен жөн. Мемлекеттік тапсырыс белгілі бір білім беру мекемесіне байланбайтын болды. Соның нәтижесінде, ата-аналар балабақшаны өздері таңдауға мүмкіндік алды. Енді бұл тәжірибені орта білім беру саласына енгізуге болады. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті", − деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады.

"Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жылда тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұдан бөлек, Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет", − деді Президент.

Президент Үкіметке қалыптан тыс шешімдер қабылдауға тура келетінін атап өтті